Әнші Гүлнұр Оразымбетова жанды дауыста ән айтамын деп ұятқа қалды
Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр
Әнші Гүлнұр Оразымбетова шахматтан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының жабылу рәсімінде ұятқа қалды. Ол жанды дауыста ән айтпақ болған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Әншінің жанды дауыста ән айтқан сәті желіде тарады. Бейнежазбада оның "Көкке өрле" атты әнін орындап жүргенін байқайсыз. Бірақ әуеннің дыбысы естілмей тұрғандықтан әншінің сөздері құлаққа түрпідей тиіп тұр.
Тіпті арасында ырғаққа мүлде үйлесе алмай жүргенін де анық көресіз.
Әнші Астанадағы шахматтан әйелдер арасында өткен жарыстың жабылу рәсімінде өнер көрсетті.