Saturday, 23 November,2024

Әнші Шаһизада жыртық көйлек сатамын деп басы дауға қалды

Құрмантай Жантелі
Фото ашық дереккөзден

Танымал журналист Жазира Бегалы әншіге алданып қалғанын айтты. Оның айтуынша, әншіден желі арқылы сатып алған көйлегі жыртылып қалған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

“Шаһизада, инстаграм арқылы жыртық көйлек сатып, телефонды неге бұғаттап тастадыңыз? Мынау сіздің дүкеннен бір сағат бұрын балалар тапсырыс беріп, маған Наурыз мерекесіне алған сыйлығы! Жыртық! Оны сары жіппен тігіп, қалай ұялмай сатып отырсыз? Оразада сол жыртық көйлектің ақшасы сізге садақа! Масқара! Балалар жыртықты көріп, сатқан нөмерге хабарласқан! Бұғаттап тастапты! Қыздар, Шаһизаданың дүкенінен осындай көйлек алдық! Қысқасы, бүгін Шоңжыдан іссапардан келдім. Балапандарым мені қуантайын деп көйлекке тапсырыс береді. Түркияның киімі, жеңілдікпен екен. Танымал әнші жыртық көйлекті парақшасында жарнамалаған. Сататын кезде осындай ақауы бар деп ескертпеген. Нәтиже осы! Сатқан адам нөмерді бұғаттап тастаған. Көмекшісі де мардымды жауап берген жоқ”, – деп ренжіді журналист.

Кейіннен журналист журтық көйлектің ақшасын қайтарғанын жеткізді. Бірақ ол әлеуметтік желідегі жазбасын алмайтынын айтты.

“Қызыл көйлектің дауы дау-дамайсыз шешілді. Бірақ жазбаны алып тастамаймын! Түнде сағат он екіге таяу әншінің көмекшілері көйлектің ақшасын қайтарыпты. “Жазбаны өшірсін” деп өтініш жасапты. Мен балаларыммен сатушы, көмекшілерінің қалай сөйлескенін естіп, шок болдым.

Жыртық көйлек сатып жібердік деген қылдай ұялу немесе кешірім сұрау жоқ. Біреуі бұғаттап, екіншісі ертең шешеміз, көреміз деп мұрын шүйіргеніне , қоқысқа тастайтын киімді бір уыс теңгеге сатқанына намыстанбағанына, ойпырмай деп жағамды ұстадым. Шаһизаданың дүкеніне жоламаспын. Тұтынушы құқығын таптауға ешкімнің құқығы жоқ. Атақты әншіге ескерту “тауарды қайтарып алмаймыз “ деген хабарламаңызды алып тастаңыз! Заң бойынша, 14 күн ішінде тауардың ақшасы қайтарылуы керек”, – деп жазды ол.

Ұсынылатын