Әншілердің тұсау кескені қанша тұрады?
Қазақстандық танымал азаматтардың тұсау кескені арзан тұрмайтын болып шықты. Мәселен, Ерке Есмахан баланың тұсауын кесіп, ақ тілегін арнағаны үшін 3 миллион теңге сұрайды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл тізімді әрмен қарай Қыдырәлі мен Қарақат жалғайды. Егер ұл-қызыңыздың тұсауын осы дуэтке кестіремін десеңіз, 2 млн 682 мың теңгеңізді қамдай беріңіз. Ал Жазира мен Жанболаттың қалтасына ала жіпті кескені үшін 2 миллион салып бересіз.
Үнемі әзіл айтып, көңілді жүретін Нұрлан Еспановтың да гонорары арзан болмай шықты. Ол 1 млн 788 мың теңге алады екен. Сондай-ақ Мадина Сәдуақасова мен Алтынай Жорабаеваға кестіремін десеңіз 1,5 миллионыңызды беруге дайын болыңыз.
Сәкен Майғазиевтікі Мадина мен Алтынайға қарағанда 200 мың теңгеге арзан. Ал депутат Дәулет Мұқаев пен Динара Сәтжан баланың тұсауын кескені үшін сізден түк те сұрамайды. Тек дастарханнан дәм татқызсаңыз жеткілікті.