Антикор пара алу күдігімен Павлодар қаласы әкімінің орынбасарын ұстады
Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Павлодар қаласы әкімінің орынбасарын қамауға алды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
15 маусымда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бизнесті қорғау бойынша қабылданып жатқан шаралар аясында кәсіпкерден пара алды деген күдікпен жолдарды жөндеудегі мемлекеттік сатып алу шартындағы орындалған жұмыстардың актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін Павлодар қаласы әкімінің орынбасарын ұстады.
Аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті Павлодар қалалық УҰИ-на қамауға алынды.