- Басты жаңалықтар
- Қоғам
- Апаттан ақша жасаған: су тасқыны кезінде бағаны негізсіз көтерген кәсіпкерлер жауапқа тартылды
Апаттан ақша жасаған: су тасқыны кезінде бағаны негізсіз көтерген кәсіпкерлер жауапқа тартылды
Ақтөбе облысында су тасқыны кезінде азық-түліктің бағасын көтерген 17 кәсіпкер жауапқа тартылды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Алмас Салықбаев мәлімдеді.
“Жүргізілген мониторинг барысында кәсіпкерлер төтенше жағдайды пайдаланып, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын көтергені анықталды. Бұл кәсіпкерлік субъектілеріне ескертулер мен айыппұлдар түрінде әкімшілік жазалар қабылданды. Қазіргі уақытта 204-бап, 4-тармақ бойынша (ӘМАТ-қа сауда үстемесінің асып кетуі)17 сауда субъектісі жауапқа тартылып, оның ішінде 2 субъект төтенше жағдай жарияланған аудандарда болғаны анықталды. Бұдан басқа, аудандардағы тағы 4 дүкен иесіне қатысты әкімшілік істер қаралуда”, – деді Алмас Салықбаев.