Apple өнімдерінің негізін қалаушы президенттікке сайлауға түсті
Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан
Apple өнімдерінің негізін қалаушы Терри Гоу Тайвань президенттігіне сайлауға түсті, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы Reuters жазды. Онда Apple компаниясының ең ірі өнім жеткізушісі, Foxconn компаниясының негізін қалаушы миллиардер Терри Гоу 2024 жылғы сайлауда тәуелсіз кандидат ретінде Тайвань президенттігіне кандидатурасын жариялағаны айтылады.
Гоу 2019 жылы Foxconn басшысы қызметінен кетіп, кейін ел президенттігіне кандидатурасын ұсынды, бірақ қажетті дауыс жинай алмай, сайлаудан шығып қалған. Содан кейін оны Тайваньның негізгі оппозициялық партиясы, дәстүрлі түрде Қытаймен тығыз қарым-қатынасты жақтайтын Гоминьдан партиясы ұсынып отыр.