- Басты жаңалықтар
- Қоғам
- Ақ келінге Мұхаммед пайғамбардан бастап, пірлерге дейін сәлем салдырғандар қызу талқыға түсті
Ақ келінге Мұхаммед пайғамбардан бастап, пірлерге дейін сәлем салдырғандар қызу талқыға түсті
Жаңа түскен келіннің беташары ғаламторда қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Уақыт.кз.
Көптің қызу талқысына түскен беташардың видеосын кәсіпкер Ахметбек Нұрсила өзінің Facebook-тегі парақшасында жариялады. Онда ақ келіннің Адам ата мен Хауа ана, Мұхаммед пайғамбардан бастап Қазірет, Құрбанәлі ишан сынды адамдардың атына сәлем салып жатқанын көруге болады.
Асаба оларды пірлеріміз деп хабарлап жатыр. Беташар тойдың еліміздің қай өңірінде өткені белгісіз. Ал желі қолданушылары “жаңа беташарға” қатысты түрлі пікір жазып жатыр.
“Өз тарихынан хабарсыз, өз салт-дәстүрін сыйлауға өресі жетпейтін рухсыз, ең бастысы ұлтынан жиренген сорлылардың заманы болып тұр”, “Құрбанәлі ишанды беташарға шақыру керек екен ғой. Бәріне жеке-жеке салды”, “Оттады-ау домбыраны қорлап”, “Оранғандар мен шоқша сақалдардан шығады не шықса да, үш баласын балталаған малғұнды да көрдік”, “Салт-дәстүрімізде осындай беташар барма еді? Бұлар кімдер?!”, - деп жазды желі қолданушылары.