Sunday, 24 November,2024

Ақмола облысында 5-сыныптағы ұл баланы өзге оқушылар зорлаған

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Ақмола облысында мектеп оқушысы зорлық-зомбылыққа ұшырады. 5-сынып баласын үлкен кластың оқушылары қорлаған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы әлеуметтік желіде тарады. Онда жантүршігерлік жайт Ақмола облысының Бурабай ауданындағы ауыл мектептерінің бірінде болғаны жазылған.

"Тамыз айында біздің ауылда бір жыл бұрын жасалған ауыр қылмыс жария болды. Бесінші сынып оқушысы жоғары сынып оқушыларының жыныстық зорлық-зомбылығына ұшырады (олардың бірі қазір студент). Бұл оқиға бүкіл ауылды дүрліктірді", - деп жазады желіде.

Сонымен бірге, жазбаның авторы күдіктілердің бірі мектепте 11-сыныпта оқитынын, ал біреуінің анасы сол мектепте мұғалім екенін айтады. Оның сөзінше, бұл оқиға зардап шеккен баланың анасы ауыл тұрғындарының желідегі чатына жазған жазбадан кейін белгілі болған.

Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінен түсіндіргендей, қазіргі кезде Бурабай аудандық Полиция бөлімі тарапынан кәмелетке толмаған балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық дерегі бойынша тергеу амалдары қолға алынған.

"Жәбірленуші тараптың арызы бойынша бұл оқиға 2022 жылдың маусым айында болған. Қазіргі уақытта сараптама тағайындалды, оқиғаның мән-жайы анықталуда. Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды", - деп түсіндірді полицияда.

Ұсынылатын