Ақмола облысында ер адам етке түйіліп өлді
Uaqyt.info
Фото
Ақмола облысында 55 жастағы ер адам тамаққа түйіліп көз жұмды. Полиция тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Уақыт.кз.
Polisia.kz медиа-порталының жазуынша, оқыс жағдай 22 наурызда Ақмола облысындағы ауылдардың бірінде болған. Куәгерлердің айтуынша, 55 жастағы ер адам қонақта отырғанда етке түйіліп, тұншыға бастапты.
Алдын ала мәлімет бойынша, өлім тыныс алу жолдарында қалған тағамнан механикалық асфиксия салдарынан болған. Астана тұрғынының өлімінің нақты себептері сот-медициналық сараптама барысында анықталады. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.