Ақмола облысында із-түссіз кеткен 31 жастағы ер адам өлі табылды
                     Uaqyt.info 
                    
  
                    
  
                
                
                         Фото Ашық дереккөзден
                                                        Ақмола облысында жоғалып кеткен 31 жастағы ер адам өлі табылды. Оның неден көз жұмғаны әзірге белгісіз, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы LIDER.KZ еріктілері Instagram-дағы парақшасында хабарлады. 1992 жылы туған Хамзин Жанат Жеңісұлы Есіл қаласында тұрған. Ол 29 сәуірде үйінен шығып, сол күйі із-түссіз кеткен болатын. Оның денесі 4 мамырда табылды. Әзірге оның неден көз жұмғаны белгісіз.
            


