Friday, 18 October,2024

Ақмола облысында мас ер адам қарт кісіні пышақтап кетті

Uaqyt.info
Фото Polisia.kz

Ақмола облысында зейнеткерге пышақпен шабуыл жасаған қаскөй қолға түсті, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Polisia.kz жазды.

Ақмола облысында бұзақы зейнеткерге көпқабатты үйдің кіреберісінде дене жарақатын салған. 21 тамыз Көкшетау қаласының полиция басқармасына облыс орталығының тұрғыны бұзақылық фактісі туралы өтініш білдірген.

Қарт адам сағат 17:00 шамасында көпқабатты үйдің кіреберісінен мас күйде белгісіз ер адам дене жарақатын салғанын хабарлаған.

Полиция басқармасы бұл фактіні ҚР ҚК-нің 293-бабы 1-бөлігі (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеген.

Сараптама тағайындалды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері бұзақылыққа қатысы бар адамды анықтады. Өзге тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

 

Ұсынылатын