Friday, 20 September,2024

Ақмола облысында орман өртеніп жатыр

Uaqyt.info
Фото ТЖМ баспасөз қызметі

Ақмола облысындағы орман алқабы өртке оранды. Қызыл жалынмен күресу үшін өңірде қазір арнайы штаб қырылған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Өртті сөндіруге 15 техника, ТЖМ бөлімшелерінің 130 адамынан бөлек әуеден тікұшақтар да жұмылдырылған. Мамандардың айтуынша, ормандағы өрттен елді-мекендерге келетін қауіп жоқ.

“Бүгін 15.50-де Зеренді ауданының Ақкөл ауылдық округінде алдын ала болжам бойынша 10 га алаңда құрғақ шөптің жануы орын алды, от орман алқабына өтті. Метеорологиялық жағдай: +32 градус, оңтүстік бағытта соққан желдің жылдамдығы 4 м/с”, - делінген ақпаратта.

Ұсынылатын