Saturday, 23 November,2024

Ақмола облысында төрт жасар бала кәріз құдығынан өлі табылды

Алмас Абылай
Фото 24.kz

Ақмола облысында із-түссіз жоғалып кеткен баланың денесі кәріз құдығынан табылды. Төрт жастағы балақай 8 сәуірде сыртқа ойнауға шығып, сол күйі үйіне оралмаған болатын, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, баланың жоғалғаны туралы ақпарат 102 пультіне 8 сәуірде сағат 22:00 шамасында түскен. Полицейлер жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында төрт жастағы баланың мәйітін кәріз құдығынан тапты.

“Қазіргі уақытта полицейлер қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажетті жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - делінген хабарламада.

Ұсынылатын