- Басты жаңалықтар
- Қылмыс
- Ақмола облысында жалған ақпарат таратқан оқушының ата-анасына 18 млн теңге айыппұл салынбақ
Ақмола облысында жалған ақпарат таратқан оқушының ата-анасына 18 млн теңге айыппұл салынбақ
Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден
Ақмола облысында полицейлерге лаңкестік ақпарат туралы жалған хабарлама түсірген оқушының ата-анасына айыппұл салынбақ, деп хабарлайды Uaqyt.info.
“Абоненттік нөмір аудандық мектептің 8-сынып оқушы қызға тиесілі болып шықты. Бірақ оның телефонынан сыныптасы қалжыңдап қоңырау шалған”, – деп мәлімдеді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.
Жасөспірім лаңкестік туралы жалған ақпарат таратқаны үшін оның ата-анасына Қылмыстық кодекстің 273-бабына (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) сәйкес балаларын тәрбиелеуге тиісті шаралар қолданбағаны үшін 5000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде әкімшілік айыппұл салынады.