Ақмола облысында жол апатынан бес адам көз жұмды
Ақмола облысындағы Жалтыр ауылының маңында жантүршігерлік жол апатынан бес адам көз жұмды. Ауыр жарақат алған тағы екі жолаушы Астанадағы ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды Uaqyt.info КТК-ға сәлтеме жасап.
Мерседес пен ВАЗ-дың қатты соқтығысқаны сонша, қос көліктің де тас-талқаны шыққан. 29 жастағы жүргізуші мінген Мерседес — Астанаға, ВАЗ тізгіндеген 55 жастағы азамат Атбасарға бет алған екен. Бірақ екеуі де бір бағытта жүріп бара жатып жол апатына түскен.
Апат кеше түнгі сағат 12 шамасында Жалтыр ауылы маңында болған. Екі көліктің жүргізушісі де сол жерде мерт болды. Қаза тапқан тағы үш жолаушының екеуі — әйел. Бес бірдей адамның өмірін жалмаған апатқа кім кінәлі екенін полиция анықтап жатыр.
“ҚР ҚК 345-бабы, 4-бөлігі, көмек құралын басқаратын адамдардың жол жүрісі және көмек құралдарын пайдалану қағидасын ларын бұзу бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды”, - деді Ақмола облысы ПД жетекші маманы Әлия Біләлова.