Thursday, 19 September,2024

Ақмола облысында жұмысшыны соққыға жыққан әкім жазаланды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Ақмола облысындағы Острогорск ауылдық округінің әкімі Новый Колутон ауылын сумен қамтуға жауапты ЖШС жұмысшысына жұдырық жұмсаған. Алған соққыдан ер адам құлап, денелері сырылып, көгерген, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Астрахан аудандық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, жәбірленуші сотқа арыз түсірген. Бұл дерек бойынша жуан жұдырықты әкімге айыппұл салынды.

“К.-ның кінәсі жәбірленушінің, куәлардың айғақтарымен және сарапшының қорытындысымен расталды. Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін ӘҚБтК-нің 73-1-бабының 1-бөлігінің санкциясы бойынша 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе 15 тәулікке қамауға алу түріндегі жаза қарастырылған”, - деді баспасөз қызметіндегілер.

Ұсынылатын