Saturday, 23 November,2024

Ақмола облысында жұмысшыны топырақ басып қалды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Ақмола облысының Ақкөл қаласында жұмысшы топырақ астында қалып көз жұмды. Ол шұңқырды су құбырын тарту үшін қазған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы жағдай «Наука-1» саяжай алабында сантехникалық жұмыстары кезінде болған.

“59 жастағы ер адам шілденің 27-де сағат 16:30 шамасында үй иесімен ауызша келісім негізінде ені 1,5 метр, тереңдігі 2 метр шұңқырға түсіп, су құбырын тартпақшы болған. Осы кезде шұңқырдың жоғары қабатындағы топырақ опырылып, ер адамды басып қалған. Ол алған дене жарақатынан сол жерде көз жұмды”, - деді баспасөз қызметіндегілер.

Ұсынылатын