Ақмола облысындағы мешіттердің бірінде жарылыс болды
Uaqyt.info

Ақмола облысындағы мешіттердің бірінде қазандық жарылып, соның салдарынан бір адам зардап шекті, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, төтенше жағдай 2 ақпанда Сабынды ауылындағы мешітте болған. Соның салдарынан отжағушы зардап шегіп, ол ауруханаға жеткізілді. Мешіт қызметкерінің қолдары күйіп қалған.
«Оқиға бүгін сағат 03:15–те болды. Ғимараттың қирауы мен жануы болған жоқ. Жылыту қазандығы жарылған кезде пеш жағушы маман термиялық күйік алды. Қазіргі уақытта ер адам Астана қаласындағы ауруханалардың бірінде» - делінген Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің түсініктемесінде.