Ақмола облысындағы су қоймасынан балықшының денесі табылды
Uaqyt.info
Фото pixabay
Ақмола облысында балық аулауға кетіп, із-түссіз жоғалған ер адамның мәйіті “Қарасу” су қоймасынан табылды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Ақмола облысты ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 1960 жылы туған ер адамның денесі 16 сәуірде табылды. 102 пультіне оның жоғалып кеткенін қызы хабарлапты. Оның айтуынша, әкесі 14 сәуірде балыққа кетіп, сол күйі үйіне оралмаған.
“Полиция қызметкерлері құтқарушылармен бірлесіп, іздестіру шараларын ұйымдастырды. Соның нәтижесінде сәуірдің 16-да жоғалған адамды ТЖД Жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері Целиноград ауданының Қабанбай-батыр ауылы маңындағы «Қарасу» су қоймасынан алып шықты. Қазіргі уақытта полиция қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Сараптама тағайындалды”, - деді баспасөз қызметіндегілер.
Тәртіп сақшылары тұрғындарға қазіргі кезде кез-келген су қоймасынан балық аулау қаупті екенін ескертеді.