Ақмола облысынды жылқылар қырылып жатыр
Ақмола облысында жылқылар аштан қырылып жатыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы КТК хабарлады. Онда малы аштан қырылып, қолдан келер қайран таппаған жылқышылардың жанайқайы көрсетілген. Қыста жаңбыр жауып жер беті тоң болып қатып қалған. Соның салдарынан Біржан сал ауданында бір үйірдегі 53 бас жылқы аштан өлген.
Осындай жағдай өңірдегі барлық елдімекендерде қайталанып жатыр. Биыл іш тастаған мал да көп. Ал Зеренді ауданындағы Бірлестік, Дөңгілағаш, Қоныспай ауылдарының төрт түлігі де шетінен құлап жатыр екен.
Алайда аудан билігі аштан қырылып жатқан малға жем-шөп жеткізуге асығар емес дейді ашулы ауыл халқы.
“Жылқылар құлап жатыр. Жағдай өте қиын болып тұр. Үкіметтен ешқандай шара жоқ. Бүкіл жылқышылардың жанайқайы бұл. Айғайы, Көмек сұраймыз!”, - дейді малшылар.