Ақмола тұрғыны айдаладан 6 мина мен 5 граната тауып алды
Жарқайың ауданындағы Тасты – Талды ауылының тұрғыны иен даладан жарылғыш заттарды тауып алды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Polisia.kz медиа-порталының жазуынша, жергілікті тұрғын қара металды іздеу кезінде арнайы құрылғының көмегімен 6 мина мен 5 граната тауып алған. Ол бұл туралы полицияға дереу хабар береді. Оқиға орнына келген саперлер олардың оқу-жаттығуға арналған жарылғыш заттар екенін анықтады.
“Табылған жарылғыш заттар, атап айтқанда, танкке қарсы 3 мина, жаяу әскерге қарсы 6 мина және F-1 және rid-5 моделді 5 гранаталары тексеріліп, олардың оқу-жаттығулық екені және өмірге қауіп төндірмейтіні туралы қорытынды шығарылды. Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді, сараптамалар тағайындалды, құқық қорғау органдары бұл заттардың айдалада қалай пайда болғанын анықтап жатыр”, - делінген хабарламада.