Ақмолада 20 тонна жұмыртқа тиелген фура аударылып қалды
Uaqyt.info

Бұл туралы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Uaqyt.info.
“Рузаевка бағытында жүріп бара жатқан «Вольво» көлігінің жүргізушісі – 21 жастағы ақтөбелік көктайғақтың салдарынан рульге ие бола алмай қалған. Салдарынан көлік аударылды. Анықталғандай, жүргізуші Астанадан Ақтөбе қаласына 20 тонна жұмыртқа тасымалдап бара жатқан”, - деді ведомстводан.