Sunday, 8 September,2024

Ақпараттық соғыста жеңіліп жатырмыз – Мақсат Толықбай

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай отандық БАҚ туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін жылына бюджеттен 60 миллиард теңгеден астам қаржы бөліп келеміз. Оның ішінде ірі мемлекеттік телеарналар, газет-журналдар мен сайттар бар, алайда отандық ақпарат нарығын күшейте алмай келеміз. Ақпараттық соғыста жеңіліп жатырмыз десек болады. Өйткені мемлекеттік тапсырыс нақты тақырыптық бағыттарға беру керек дегенді үнемі айтып жүрмін. Нені дәріптейтініміз лотта анық жазылуы керек. Ашық жазылса, тәуелсіз басылымдар өздері-ақ қатысушы еді. Сол кезде бәсекелестік болады. Дайын мақалаларға репост жасап, миллиондарға ауадан ие болып отырған қаншама сайт бар. Ермұрат Бәпи айтқандай, облыстық, аудандық басылымдардың жағдайы да сол”, - деді Мақсат Толықбай.

Ұсынылатын