АҚШ Президентінің 72 жастағы әйелі коронавирус жұқтырды
Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан
АҚШ Президенті Джо Байденнің әйелі Джилл COVID-19 вирусын жұқтырған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы Ақ үй жазды. Онда АҚШ-тың бірінші ханшайымы COVID-19 вирусына сынама тапсырғанын, бірақ тексеріс оң нәтиже көрсеткені айтылады.
Байденнің 72 жастағы әйелі соңғы рет өткен тамызда, ал 80 жастағы президент соңғы рет 2022 жылдың шілдесінде коронавируспен сырқаттанған көрінеді.
"Бірінші ханымның COVID-19 сынамасы оң нәтиже бергеннен кейін, президент Байден бүгін кешке COVID-ге сынама тапсырды, ол теріс нәтиже көрсетті. Президент осы аптада жүйелі түрде сынама тапсырып отырады", – деп мәлімдеді Ақ үй.