АҚШ-та атыс болып, кем дегенде 16 адам мерт болды
Uaqyt.info

АҚШ-тың Мэн штатындағы Льюистон қаласында болған атыстан 16 адам қаза тапты. Бейбіт тұрғындарға оқ жаудырған қаскөй іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.
BBC хабарлауынша, қаза тапқандардан бөлек тағы 50 адам түрлі дене жарақатын алған. Әзірге адамарды жер жастандырған қаскөй ұсталған жоқ. Полиция күдіктінің суретін жариялап, қала тұрғындарына үйден шықпауға ескерту жасады. Алдын ала мәлімет бойынша, қаскөй адамдарға екі ресторанда оқ жаудырған.