Friday, 18 October,2024

АҚШ-та соққан «Идалия» дауылы миллиондаған адамның өміріне қауіп төндірді

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

АҚШ-тың Флорида штатаныда соққан «Идалия» дауылы тұрғындарды әбігерге салды. Соның салдарынан Штаттың миллиондаған тұрғыны эвакуацияланып, мыңдаған адам бас ауған жаққа бассауғалап кетті, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Әлемдік БАҚ жазуынша, дауылдың салдарынан 850-ден астам рейс  тоқтатылып, 795 рейс кейінге қалдырылған. Тіпті Тампа, Клируотер және Таллахассидегі әуежайлар уақытша жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды. Флорида губернаторы Рон Десантис осыған байланысты ескерту жариялады. Ол тұрғындарға кемі үш қабатты ғимаратта болу керектігін жеткізді. Өйткені дауылдан кейін су деңгейі көтеріліп, жолдағаның бәрін шайып кетуі мүмкін.

Ұсынылатын