Saturday, 23 November,2024

АҚШ-та үш қылмыскерге жалғыз төтеп берген қазақ баласы жаңа қырынан танылды

Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр

АҚШ-та үш ұрыны ұрып құлатқан қазақ баласы жаңа қырынан танылды. Тіпті жұрт оның бұл мамандығына риза болған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Қазақ баласының бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Видеодан Олжас Қаныбектің ұшқыш киімінде тұрғанын байқайсыз. Мұнан кейін ол ұшақ тізгініне отырады. Әрі әуеден әдемі көріністер көрсетеді.

Бейнежазба жұрттың қызу талқысына түскен. Бірі оған сәттілік тілесе, енді өзгелері ел азаматтарын бағаламаған билік кесірінен қазақ балалары шетелде жүр деп сынға алуда.

Еске салайық, бұған дейін Олжас Қаныбек АҚШ-та үш қылмыскердің қысымына тап болады. Бірақ жалғыз өзі төтеп беріп, тіпті үшеуін де полицияға ұстап берген. Ол Түркістан облысы Кентау қаласында 1999 жылы дүниеге келген. АҚШ-тың Флорида штатында авиация саласында білім алады.

Ұсынылатын