Saturday, 23 November,2024

АҚШ-тың экс-президенті алаяқ па? Трамп қанша жылға сотталады?

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

АҚШ соты елдің бұрынғы президенті Дональд Трампты кінәлі деп таныды. Сотта оның жылдар бойы өз активтерінің құнын асыра бағалағаны айтылды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Соттың мәліметінше, Дональд Трамп алаяқтық жасағаны үшін жауапқа тартылады. Алайда бұл іс қазан айында қаралады екен. Айта кетейік, Нью-Йорктің бас прокуроры Трампқа қатысты тергеуді 2019 жылы бастаған болатын.

Ол Трамп жыл сайын өзінің байлығын кем дегенде 2,2 миллиард долларға асыра бағалағанына сенімді. Алайда Трамп өзін қатысты тергеу барлыңының артында елдің қазіргі президенті Джо Байден тұрғанына сенімді.

Айта кетейік, бұдан бөлек Трампқа қарсы тағы үш қылмыстық іс тергелуде. Олар:  бизнес-есептілікті бұрмалау, құпия құжаттарды заңсыз сақтау және сайлау нәтижелерін бұрмалау әрекеті

Ұсынылатын