- Басты жаңалықтар
- Әлем
- Ақша не тамаққа, не пәтер ақысына жетпейді: Түркия халқын кедейлік дендеп барады
Ақша не тамаққа, не пәтер ақысына жетпейді: Түркия халқын кедейлік дендеп барады
Алмас Абылай
Фото euronews
Түркияда халықтың үштен бірі кедейлік санатына қосылды. Инфлияцияның өсуі елде қымбатшылыққа алып келген. Салдарынан халық тапқан ақшасын ештеңеге жеткізе алмай дал, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Euronews дерегіне сүйенсек, кедейліктің зардабын әсіресе кішкентай балалар тартуда. Халық тапқан табысын не азық-түлікке, не пәтер ақысын төлеуге жеткізе алар емес. Осының салдарынан 3 айлап коммуналдық төлемдер өтелмеген. Су мен электр қиылып, халық қатты қиналуда.
Елдегі статистика институты кедейлік зардабы халықтың үштен біріне жеткенін хабарлады.
Оның үстіне инфляцияның шамадан тыс шарықтауы қымбатшылыққа соқтырған. Жаз ортасында елдегі баға 50 пайызға көтеріліпті. Десе де тәуелсіз сарапшылар қымбатшылық 70 пайызға жеткенін мәлімдеуде.
Ал үкімет бұл келеңсіздікпен күресі үшін еңбекақы көлемін 34 пайызға көтерді. Десе де оның өзі көмектесе алар емес.