Saturday, 23 November,2024

Ақша үшін 150 тұшпара жеген жігіт асты көтере алмай өліп кетті

Алмас Абылай
Фото

Үндістанда достарымен ақшаға бәс тігіп, бір отырғанда 150 тұшпара жеген жігіт өліп кетті, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Bhaskar сайтының жазуынша оқиға Бихар штатында болған. 22 жастағы Випин Кумар есімді азамат дәмханада достарымен бір отырғанда көп тамақ жеу мүмкіндігіне бәстесіп қалады.

Осылайша ол ақша үшін 150 тұшпараны жеп қойған. Артынша денсаулығы нашарлап, ауруханаға жеткізіледі. Сол жерде көз жұмады.

Бұл жағдайға байланысты полиция тергеу жұмыстарын бастады. Әзірге нақты тамақтан көз жұмды ма жоқ басқа жағдай әсер етті ме белгісіз. Сараптама жұмыстары жасалуда.

Ұсынылатын