Thursday, 19 September,2024

Ақсайда көпқабатты үй өртенді

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Ақсай қаласында көпқабатты үйден өрт шықты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

БҚО Төтенше жағдай департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 29 шілдеде Бөрлі ауданының орталығы Ақсай қаласында болған.

«Сағат 15.01-де 5-шағынаудан 38-мекенжайда 6-қабатта 39-пәтердің балконы мен залы, жеке заттар отқа оранды. Алдын ала мәлімет бойынша өрт аумағы 30 шаршы метрді қамтыды. Зардап шеккендер жоқ. «Тілсіз жау» сағат 15.20-да оқшауланып, 15.54-те ауыздықталды. Өртті сөндіруге 14 адам мен 3 техника жұмылдырылды», - деді баспасөз қызметіндегілер.

Ұсынылатын