Saturday, 23 November,2024

Ақшаның бәрін Бекболат Тілеухан алып кетті: Қажылыққа апарам деп алдаған турфирма директоры күтпеген мәлімдеме жасады

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Мекке мен Мединаға қажылыққа алып барамыз деп көптеген адамды алдып кеткен турфирма директоры күтпеген мәлімдеме жасады. Ол адамдардан жиналған ақшаны түгелдей Бекболат Тілеухан алғанын айтты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Отырар жазды. Дерекке сүйенек, Меккеге барғысы келгендерді сергелдеңге салған Kausar Trevel турфирмасының директорына сот үкім шығарған. Оған жүздеген қазақстандықты алдады деген айып тағылып отыр.

Мекке мен Мединаға барғысы келген қажылардың әрқайсысы кем дегенде мың доллардан төлеген. Олардың кейбіреулері Қазақстаннан ұшып кете алмады, ал кейбірі шет елге барып алып, баспанасыз, ақшасыз және аш қалған. Сот процесі басталмай тұрып, күдіктілер журналистерге сұхбат беріп, мәселені түсіндірмек болған.

"Мен ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Шымкент полиция департаментіне және инстанцияға арыз жаздым. Іс бойынша Бекболат Тілеуханов та өтуге тиіс болған. Ол алданған адамдардың барлық ақшасын алып кетті, бірақ қандай да бір себептермен ол іс бойынша одан жауап алынбады", - деді сотталушы сот процесі басталғанға дейін.

Сотта 300-ге жуық қажы куә ретінде тартылды. Зардап шеккендер алданғандардың одан да көп болуы мүмкін екенін айтты.

Осылайша сот турфирма директорын кінәлі деп тауып 6 жылға бас бостандығынан айырды. Бірақ сотталушы өз кінәсін мойындамады және өкінбеді.

Ұсынылатын