- Басты жаңалықтар
- Шоу-бизнес
- “Ақшасын төледік, ватсапқа қоспады”. Айнұр Тұрсынбаеваның курсын сатып алғандар шу шығарды
“Ақшасын төледік, ватсапқа қоспады”. Айнұр Тұрсынбаеваның курсын сатып алғандар шу шығарды
Айтыскер ақын әрі психолог Айнұр Тұрсынбаева тағы да ел аузында. Бұл жолы коучтың курсын сатып алғандар сабаққа қатыса алмадық деп шу көтерді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Ал Айнұр Тұрсынбаева кезекті сабағының сәтті өткенін Instagram-дағы парақшасында жазды.
“Өзгеремін деп ниеттенген қаншама адам... Сол кісілердің үміттерін ақтасам екен деп Алладан дұға сұраймын... Тағы бір сабақ бітті... Көңіл күйлеріңіз қалай?”, - деп жазды Айнұр Тұрсынбаева.
Сола-ақ екен ақынның жазбасының астына желі қолданушылары жаппай наразылықтарын білдірді.
“Ақшасын төледік. Неге бізді қоспады?”, “Ақшасын төледік. Ватсапқа қоспады”, “Төлегенмін ақшаны. Ватсапқа жазсақ тек төлемді жібере береді. Телеграм каналға да шықтым, ол жақта да риквизит жібере береді. Менеджерлер ответ жазбайды. Қоспады мені”, “Ақшасын төледік, бізді де қоспады чатқа”, – деп жазды желідегі жұрт.