Friday, 22 November,2024

Ақселеу Сейдімбектің жұмбақ өлімі: “Мылтықпен ауызға салып, тас талқанын шығарып атып жіберген”

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Ғалым Мырзатай Жоласбеков AIQYN YouTube-арнасына берген сұхбатында жазушы, зерттеуші Ақселеу Сейдімбектің ел естімеген қазасы туралы айтты. Оның айтуынша, жазушы өз-өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

“Әттең, Ақселеу! Әттең, Ақселеуім! Ауруханаға барып, қаралып жатыр едім, Иманғали звондады. "Мырзеке, сұмдық болып жатыр. Ахаң қайтыс болды" дейді. Тастай салып келдім. Несіпбек екеуі жайғастырып қойыпты. Үйінде жалғыз болған. Өзіне қол салған. Мылтықпен ауызға салып, тас талқанын шығарып атып жіберген. Неден болды, қалай болды, бұл жағын білмеймін. Сондай опынатындай ештеңе жоқ сияқты еді. Қайда барса да, ел сыйлайтын Ақселеу еді. Кейінгі кезде қазақтың басына қонған үлкен қайғы деп ойлаймын", - деді Мырзатай Жолдасбеков.

Ұсынылатын