Ақсу тұрғыны полицейдің басынан үтікпен ұрған
Ақсу қаласында ер адам ішімдікке тойып алып полицейге тап берді. Тіпті басынан үтікпен ұрып, тістеп алған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Оқиға анасы мен ұлының арасындағы жанжалдан басталыпты. Кешқұрым әйел адам полицияға баласы ішімдік ішіп, шу шығарғаны жөнінде шағым түсіреді. Оқиға орнына барған тәртіп сақшысы ер адамды тыныштандырмақ болғанда ол қарсы атылған.
Осылайша қолына үтіп алып учаскелік инспектордың басынан ұрады. Артынша білегінен тістеп алған. Сол жерде автопатруль жіберуге тура келді. Олар мас бұзақыны полиция бөліміне жеткізді.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 380-бабы, 3-тармағы (Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері, мірге немесе денсаулыққа қауіпті емес күш қолдану) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Бұл қылмыс үшін 4 000 АЕК-ке (13 800 000 теңгеге) дейінгі айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстары немесе 1 000 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстар, я болмаса, екі жылдан төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.