Saturday, 5 October,2024

Ақсу зауытында апат болып, екі жұмысшы күйіп қалды

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Ақсу ферроқорытпа зауытының екі жұмысшысы термикалық күйік алып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы зауыттың баспасөз қызметі мәлімдеді. Ондағылардың айтуынша, апат 24 мамырда болған.

"Жұмыс барысында екі краншы термиялық күйік алды. Зардап шеккен қызметкерлердің бірі Ақсу қалалық ауруханасына жеткізілді, екіншісі тексерілгеннен кейін үйіне шығарылды. Оқиға туралы мемлекеттік органдарға хабарланып, тергеу басталды", – деп түсіндірді Ақсу ферроқорытпа зауытының баспасөз қызметі.

Ұсынылатын