Ақсуда 50 жастағы ер адамды көлік қағып мерт қылды
Uaqyt.info
Фото Polisia.kz
Павлодар облысының Ақсу қаласында жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті. Алған жарақаттан 50 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Қайғылы оқиға 3 маусымда болған. Polisia.kz жазуынша, М. Мәметова көшесімен жүріп келе жатқан ВАЗ-2108 автокөлігінің 26 жастағы жүргізушісі 50 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен, ол жүріс бөлігін белгісіз жерден өткен. Салдарынан жаяу жүргінші алған дене жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды.