- Басты жаңалықтар
- Әлем
- Ақталу ма, шарасыздық па? Путин миллиондаған еврейді ұлтшыл украиндер қырды деп дәріс оқыды
Ақталу ма, шарасыздық па? Путин миллиондаған еврейді ұлтшыл украиндер қырды деп дәріс оқыды
Алмас Абылай
Фото
Ресей Президенті Владимир Путин Ұлы Отан соғысы мұражайының директорын қыспаққа алды. Тіпті қазіргі жағдайда Ресейдің әрекетін ақтау үшін тарихқа дендеген. Желідегі жұрт бұл жағдайды қатты сынға алуда, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бейнежазбаны ВВС жариялады. Видеода Ресей Президентінің еврейлерді кімдер қырғанын және қанша жан көз жұмғанын сұрағанын байқайсыз.
"Кезінде украинаның ұлтшылдары, бандеровшылар қанша еврейді өлтіргенін білесіз бе? 1 жарым миллион адам. Қарты бар, жасы бар, баласы бар. Бұл әрекеттің бәрін ұлтшылдар жасады", - дейді Путин.
Десе де оның бұл әрекеті желіде қызу талқылануда. Тіпті халық бұлай деп мәлімдеуге құқы жоқ дегенді алға тартқан. Себебі Кеңес Одағы тұсындағы чекистер мен орыс билігінің өзге ұлттарға жасаған қысым, қырғыны бұл жағдайдан асып түседі.