Ақтау оқушылары үшін енді соңғы қоңырау соғылмайды
Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден
Ақтаудың мектептерінде биылдан бастап соңғы қоңырау рәсімі өтпейді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл салтанатты шараны қалалық білім бөлімі тоқтатқан. Ондағылардың айтуынша, 24 мамырда мұғалімдер сынып сағатын өткізеді, сонымен бітті.
“Соңғы қоңырау болмайды. Министрлік осылай шешті. Сертификаттар 12-15 маусым аралығында беріледі”, – деп мәлімдеме жасады қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі.