- Басты жаңалықтар
- Қылмыс
- Ақтау қаласы әкімінің орынбасары кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін айыппұл арқалады
Ақтау қаласы әкімінің орынбасары кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін айыппұл арқалады
Ақтау қаласы әкімінің орынбасары кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін 483 мың теңге айыппұл төлейді. Бұл туралы қоғамдық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы Шамұрайт Шәменов мәлім етті, деп хабарлайды Uaqyt.info ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
"Ағымдағы жылдың басынан бері департамент 30 әкімшілік хаттама жасады. Олардың қаралу қорытындысы бойынша бюджетке 10 млн теңге көлемінде айыппұл төленді», - деді департамент басшысы Шамұрайт Шәменов.
Ақтау қаласы әкімінің орынбасары қолданыстағы шектеулер туралы біле тұра, кәсіпкерлікпен айналысқан. Ол әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 154-бабының (Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тұлғаның кәсіпкерлік қызметпен айналысуы) талаптарын бұза отырып, жүзеге асырған. Сондықтан оған 483 мың теңге көлемінде айыппұл салынған.