Ақтауда 16 жастағы қыз көпқабатты үйден құлап мерт болды
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Ақтауда 16 жастағы қыз көпқабатты үйден құлап, көз жұмды. Қайғылы оқиға 10 қазанда 17-шағын аудандағы тұрғын үйлердің бірінде болған, – деп хабарлайды Uaqyt.info.
Әзірге жас қыздың мұндай қадамға не себепті барғаны белгісіз. Полиция аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғады. Алдын ала мәлімет бойынша, қыздың мәйітінен зорлық белгілері анықталған. Бұл ҚК 105-бабы ("Өзін-өзі өлтіруге итермелеу") бойынша полиция басқармасында сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.