Ақтауда 17 жастағы қыз суицид жасамақ болды
                     Uaqyt.info 
                    
  
                    
  
                
                
                         Фото Ашық дереккөзден
                                                        Ақтауда полицейлер үйдің шатырынан секірмек болған 17 жасар қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Polisia.kz хабарлауынша, оқыс оқиға 22 мамырда болған. Полиция инспекторлары Исламбек Шаржан мен Әзімбек Саттар, патрульдік полицейлер Ғалым Қожамуратов пен Руслан Жұмабаев 27 шағын аудан мекенжайына жедел шақырту бойынша келді.
Шатырға көтерілген полицейлер қыздың төменге секіруіне жол бермей, оны ұстап қалып, отырған жерінен көтеріп алды. Полицейлер оқиға орнына жедел жәрдем шақырды. Жасөспірім кәмелетке толмағандар ісі бойынша инспекторға тапсырылды.
            


