Saturday, 23 November,2024

Ақтауда 52 жастағы әйел күйеуінің қолынан қаза тапты

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Ақтауда 52 жастағы әйел қаза тапты. Оны азаматтық некедегі күйеуі өлтіріп, пәтерге өрт қойған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Қайғылы оқиға 16 сәуірде болған. ТЖД қызметкерлері өртке оранған пәтерді сөндіру барысында әйелдің мәйітін табады. Көршілердің айтуынша, 52 жастағы әйелді азаматтық некедегі күйеуі өлтіріп, артынан ізін жасыру мақсатында пәтерге қасақана өрт қойған.

“Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жарияланбайды”, - делінген ақпартта.

Ұсынылатын