Sunday, 24 November,2024

Ақтауда аурухана өртке оранды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Маңғыстау облыстық ауруханасынан өрт шығып, 470 адам эвакуацияланды. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар туралы ақпарат жоқ, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт аурухананың 3-қабатынан шыққан.

“20 қыркүйек күні сағат 22:38-де Ақтау қаласының 26 шағын ауданы 71/3 ғимараты, яғни облыстық ауруханада өрт шыққаны туралы ақпарат түсті. Төтенше жағдайлар департаментінің күш-құралдары шақыруға жіберілді. Оқиға орнына жеткеннен кейін 6 қабатты ғимараттың 3-қабатындағы урология бөлімшесінен желдету каналында жану ошағы табылды”, - делінген баспасөз мәліметінде.

Ұсынылатын