Saturday, 23 November,2024

Ақтауда ауызашарға барғандар астан уланып қалды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Ақтауда ауызашарға барған 16 адам астан уланып қалды. Олардың барлығы медицина қызметкерлері екен, деп хабарлайды Uаqyt.info.

Ғаламторда адамдардың жаппай улануы туралы ақпаратты Ақтау әкімдігі растады. Баспасөз қызметінің мәліметінше, астан улану дерегі 10 сәуірде тіркелген. Қаладағы мейрамханалардың бірінде болған ауызашардан кейін 16 адам өздерін жайсыз сезініп, медицина қызметіне жүгінген. Уланып қалғандардың алтауы Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасында ем қабылдады.

"Науқастарда жоғары қызу, құсу, іш өту, жедел ішек инфекциясына тән интоксикация синдромы болған. Барлық қажетті шаралар қолданылып, ем жүргізіліп жатыр. Ешқандай қауіп жоқ, науқастардың жағдайы тұрақты, температурасы бірқалыпты, динамикасы оң. Барлық анализдер алынып, ем қабылдауда. Шағыммен келген кезде қан қысымы төмен болған, инфузионды терапиядан кейін жағдайлары жақсарды", - делінген хабарламада.

Ұсынылатын