Ақтауда балаларының көзінше әйелін ұрған ер адам қамауға алынды
Uaqyt.info

Ақтауда тұрғын үй кешеннің бірінде балаларының көзінше әйелін ұрған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Маңғыстау облысының ПД хабарлауынша, ер адам уақытша ұстау абақтысына қамалған. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
“Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді”, - делінген хабарламада.