Friday, 17 May,2024

Ақтауда бас шыршаны жел құлатып кетті

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Ақтауда жаңа жылға қойылған бас шырша желдің екпініне шыдамай құлап қалды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Құлап жатқан шыршаның видеосы әлеуметтік желіде тараған болатын. Әкімдік осыған қатысты түсініктеме берді. Ондағылардың айтуынша, ауа райы қалыпқа келген соң, шырша орнына қайта орнатылады.

“Ақтау тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Жанболат Жақыпов амфитеатр аумағының айналасында құрылыс алаңдары немесе ғимараттар болмағандықтан желдің екпіні қатты сезілетіндігін айтады. Шырша орнату кезінде барлық техникалық талап  орындалды. Мердігер шыршаны қайта орнату жұмыстарын кейін жүргізеді, -  делінген хабарламада.

Ұсынылатын