Sunday, 24 November,2024

Ақтауда екі адам суға батып кетті: Оның бірі жасөспірім қыз

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Ақтауда бір-біріне жақын тұрған екі демалыс базасында ер адам мен жасөспірім қыз суға батып кетті, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Дерекке сүйенсек, оқиға 20 тамызда тіркелген. Сағат 11:47-де "Монтажник" демалыс аймағында 14 жастағы қыз суға батып кеткені туралы хабар түскен. Жедел жәрдем барғанымен кішкентай қыз ес жимастан қайтыс болған.

Сондай-ақ сол маңдағы "Бриз" демалыс базасында 36 жастағы ер адам көз жұмды. Куәгерлер оны жағаға шығарып, алғашқы көмек те көрсеткен. Бірақ ажалдан аман алып қала алмады. Кей деректерде қайтыс болған ер адамның артында бес баласы қалғаны жазылуда.

Ұсынылатын