Ақтауда екі баланы улап өлтірген әйелге сот үкімі шықты
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Ақтауда қандала улаймын деп көршісінің екі баласын өлтіріп алған әйел бес жылға сотталды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Естеріңізде болса, қайғылы оқиға былтыр болған еді. Әйел қандаладан құтылу мақсатында пәтеріне белгісіз дәріні шашады. Ал оның уыты бір қабат жоғары тұратын пәтерге өтіп, соның салдарынан екі жасар және 10 айлық бала уланып қалады. Дәрігерлер екі бүлдіршіннің өмірін сақтап қала алмады.
18 қаңтарда Ақтау қалалық соты екі баланың өмірін қиюға себепкер болған әйелге үкім кесті. Ол енді бес жыл өмірін темір тордың ар жағында өткізеді.