Saturday, 23 November,2024

Ақтауда ер адам балалардың көзінше әйелін соққыға жықты

Uaqyt.info
Фото видеодан кадр

Ақтауда ер адам әйелін соққыға жықты. оның әрекеті бейнебақылау камереға түсіп қалған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Кадрлардан жуан жұдырықты ер адамның әйелді шашынан сүйреп, ұрып жатқанын көруге болады. Көпқабатты үйдің дәлізінде болған оқиға көптің төбе шашын тік тұрғызды.

Әзірге жанжалдың неден болғаны белгісіз.

Маңғыстау облысының полиция департаменті бұл жайттың Ақтауда болғанын растады. Құқық қорғау органдары қызметкерлері видеодағы ер адам іздестіріліп жатқанын мәлімдеді.

Ұсынылатын